Кеше филиалда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар» семинары аясында қонақ дәріскер ретінде Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқали шақырылды.
⠀
Ринат Зәкиұлы өз дәрісінде жемқорлықпен күресудің шетел тәжірибесімен бөлісті. Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстық істерді тергеу бойынша статистиканы келтіре отырып, әлеуметтік зерттеу нәтижесімен таныстырды.
⠀
Қостанай облысы азаматтарының 30,8% мемлекеттік қызметте жемқорлық деңгейі жоғары деп санайтындығы туралы мәлімдеді. Осыған орай, Ринат Зәкиұлы сыбайлас жемқорлықпен, теріс имиджбен күресудің тәсілдерін ұсынды. Оның ішінде транспаренттілік — мемлекеттік қызметтің ашықтығын, қажеттілігі мен маңыздылығын түсінікті жеткізу платформаларын жасау, азаматтармен тікелей кездесуге ыңғайлы мүмкіндік туғызу, диалогқа ұмтылу керектігін атап өтті.
⠀
Тындаушылар практикалық тұрғыда пайдалы және қажетті ақпаратпен қамтылған дәріс үшін спикерге ризашылықтарын білдірді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар» семинары аясында қонақ дәріс
