Жаңалықтар

«Әлеуметтік қорғау саласындағы халықпен жұмыс істеу тетіктері мен құралдар» атты семинар

Өткен аптада филиалымызда «Әлеуметтік қорғау саласындағы халықпен жұмыс істеу тетіктері мен құралдар» атты семинар өтті.?

Семинарды шақырылған мамандар
«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшысының орынбасары Әлия Мекебаева;
«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшысының орынбасары Максим Устинов;
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің қосымша білім беру бөлімінің бастығы Гүлнар Талапова өткізді.

Семинар қатысушылардың мемлекеттік қызметтер көрсетуге, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға байланысты құзыреттерін дамытуға бағытталған.