Жаңалықтар

“Белсенді ойлау және жеке тиімділік” семинары

Ағымдағы жылдың 19-21 тамыз аралығында филиалымызда “Белсенді ойлау және жеке тиімділік” семинары өтті.

Сабақтарды шақырылған жаттықтырушылар Ш. Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ Қостанай академиясының аға оқытушысы Айжан Манатова және тарих ғылымдарының кандидаты, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай Өңірлік университеті профессорының м.а. Зәмзәгүл Шахаман өткізді.

Семинар белсенді ойлауды дамытуға және тыңдаушылардың жеке тиімділігін арттыруға бағытталған.