2024 жылғы 5 қыркүйек күні сағат 11:00-де ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалында Ұлы ақын, жазушы, қоғам қайраткері, ағартушы және қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының күніне орай ұйымдастырылған челлендж аясында төртінші ашық дәрістің өтетінін хабарлаймыз.
⠀
Дәрістің тақырыбы: «АДАМ ЖАНЫ НЕГЕ МҰҚТАЖ? ЖЕТІНШІ ҚАРА СӨЗДІҢ ҚҰПИЯСЫ».
⠀
Дәрісті филиалымыздың аға оқытушысы, Қостанай облыстық мәслихатының депутаты Есеева Ғайния Қалымжанқызы өткізеді.
⠀
Барлық ниет білдірушілерді осы іс-шараға қатысуға шақырамыз!
⠀
Ұлы ойшыл бабамыздың өмірі мен шығармашылығы туралы сөз қозғалатын әдемі іс-шараның куәсі болудың ерекше мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!
⠀
Өтетін күні: 2024 жылғы 5 қыркүйек.
⠀
Уақыты: 11:00-де.
⠀
Орны: Қостанай қаласы, Байтұрсынов көшесі, 67, 1 қабат, 105 кабинет.
⠀
Алдын-ала тіркеу 8 777 373 88 73 WhatsApp нөмері бойынша жүреді.
Сонымен қатар дәрісті осы парақшамызда тікелей эфирде көре аласыздар.
⠀
Келіңіздер! Дәрістің құрметті қонағы болыңыздар!