Новости

Абай Құнанбайұлының күніне орай «Ақыл, Қайрат, Жүректі бірдей ұста!» Абайдың 17-ші қара сөзі атты ашық дәріс

Филиалымызда «Абай күніне» арналған челлендж аясында екінші ашық дәріс өтті.

Дәрісті “Мирас” кеңесінің басшысы, ұлт жанашыры, облыстық мәслихаттың депутаты Қырмызы Жаңбыршина «Ақыл, Қайрат, Жүректі бірдей ұста!» Абайдың 17-ші қара сөзі» тақырыбында өткізді. Дәріс барысында Қырмызы Сапарқызы Абайдың он жетінші қара сөзінің мәнін түсіндіріп, өз ойларымен бөлісті.

Дәріске филиал тыңдаушыларымен қоса, инстаграм желісі арқылы қызығушылық танытқан Қостанай қаласының тұрғындары қатысты.

Дәріс соңында Қырмызы Сапарқызы келесі ашық дәріс өткізу челленджін облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Мұсабаева Әлфия Мейрамқызына жолдады.

Келесі ашық дәрістің өту күні мен уақыты туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады.
Ашық дәріске қатысып біліміңіз бен танымыңызды кеңейту мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар, құрметті оқырмандар!