Новости

Абай Құнанбайұлының күніне орай “Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста! Абайдың 17-ші қара сөзі” атты ашық дәріс

2024 жылғы 14 тамыз күні сағат 14.00-де ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалында Ұлы ақын, жазушы, қоғам қайраткері, ағартушы және қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының күніне орай ұйымдастырылған челлендж аясында екінші ашық дәрістің өтетінін хабарлаймыз.

Дәрістің тақырыбы: “Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста! Абайдың 17-ші қара сөзі”.

Дәрісті қоғам белсендісі, “Мирас” кеңесінің басшысы, ұлт жанашыры, облыстық мәслихаттың депутаты Жаңбыршина Қырмызы Сапарқызы өткізеді.

Барлық ниет білдірушілерді осы іс-шараға қатысуға шақырамыз!

Ұлы ойшыл бабамыздың өмірі мен шығармашылығы туралы сөз қозғалатын әдемі іс-шараның куәсі болудың ерекше мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!

Өтетін күні: 2024 жылғы 14 тамыз.

Уақыты: 14.00-де.

Орны: Қостанай қаласы, Байтұрсынов көшесі, 67, 2 қабат, 202 аудитория.

Алдын-ала тіркеу 8 777 373 88 73 WhatsApp нөмері бойынша жүреді.
Сонымен қатар дәрісті осы парақшамызда тікелей эфирде көре аласыздар.

Келіңіздер! Дәрістің құрметті қонағы болыңыздар!