2024 жылғы 28 тамыз күні сағат 13.30-да ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалында Ұлы ақын, жазушы, қоғам қайраткері, ағартушы және қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының күніне орай ұйымдастырылған челлендж аясында үшінші ашық дәрістің өтетінін хабарлаймыз.
⠀
Дәрістің тақырыбы: “Ұлы Абайдың отыз бірінші қара сөзі арқылы мемлекеттік қызметті жетілдіру”.
⠀
Дәрісті облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Мұсабаева Әлфия Мейрамқызы өткізеді.
⠀
Барлық ниет білдірушілерді осы іс-шараға қатысуға шақырамыз!
⠀
Ұлы ойшыл бабамыздың өмірі мен шығармашылығы туралы сөз қозғалатын әдемі іс-шараның куәсі болудың ерекше мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!
⠀
Өтетін күні: 2024 жылғы 28 тамыз.
⠀
Уақыты: 13.30-да.
⠀
Орны: Қостанай қаласы, Байтұрсынов көшесі, 67, 2 қабат, 202 аудитория.
⠀
Алдын-ала тіркеу 8 777 373 88 73 WhatsApp нөмері бойынша жүреді.
Сонымен қатар дәрісті осы парақшамызда тікелей эфирде көре аласыздар.
⠀
Келіңіздер! Дәрістің құрметті қонағы болыңыздар!