Новости

Алматы қаласында өткен «ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ – ӨЗГЕРМЕЛІ ӘЛЕМДЕГІ ҰЛТТЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ КЕПІЛІ» өнерлік түлектер форумы

Форум ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы қаласы, Жетісу, Алматы облыстары бойынша филиалдары ұйымдастыруымен өтті.

Іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының орынбасары Азамат Жоламанов, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл, Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы Айдар Жәкібаев, филиал директорлары, өңірлерден келген Академия түлектері, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Қостанай өңірінен форум жұмысына Академияның Қостанай облысы бойынша түлектері қауымдастығының мүшесі Ренат Досаев қатысты.

Кездесу барысында мемлекеттік жүйедегі Академияның орны, мемлекеттік қызметтегі және мемлекеттік қызметшілерді даярлаудағы жаңашылдықтар, түлектер нетворкингі және сабақтастық, мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мәселелері талқыланды.