Филиалымызда «Басшыларға арналған HR және мемлекеттік органның ұйымдастырушылық мәдениеті» біліктілігті арттыру семинары аясында а.ж. 11 сәуірінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Асхат Искендировтың қатысуымен қонақ дәріс ұйымдастырылды.
⠀
Дәріс барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қатысуымен әзірленген заңнамалар, цифирландыруды дамыту және мемлекеттік қызметке кіру процесіндегі кедергілерді жою және одан шығу тәртібін жеңілдету мәселелері қарастырылды.