Өткен сейсенбіде Қостанай филиалының директоры Ақерке Бекахметова облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментімен ұйымдастырылған Қостанай облысының мемлекеттік қызметшілері арасындағы дебат турнирінің ашылу салтанатына қатысты.
Ойынға қазақ және орыс тілі лигаларында 4 команда қатысты. Дебат «Бұл палата жоғары жалақы орнына қызметкерлерге жұмыс келісімшарттарынан денсаулықты сақтау, қауіпсіздік, адал жұмыстан босатудан қорғау және т.б. сияқты міндетті еңбек шарттарын алып тастауға мүмкіндік беруі» атты тақырып төңірегінде өрбіді. Ойын тақырыбы өзекті, әрі қызықты болғанымен ойын барысы өте күрделі өтті.
Қостанай облысының соттар әкімшісінің қызметкері Шәкәрім Серікбаевпен командасында ойнаған Алтынсарин ауданының аппарат басшысы Дархан Кикимов қазақ тілі лигасының үздік спикері атанды.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің қызметкері Дина Хамзинамен командада ойнаған Қостанай облысы ветеринариялық бақылау инспекциясының қызметкері Азамат Айтмағамбет орыс тілі лигасының, оның ішінде командалық ойынның үздік спикері болып танылды.
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!