А.ж. 7-9 ақпанда ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалында «Эмоционалды интеллект және ынталандырушы көшбасшылық» атты семинар өтті.
Семинар мақсаты — мемлекеттік қызметшілердің көшбасшылық, парасаттылық, ынтымақтастық және тиімді коммуникацияларды жасау кәсіби құзыреттіліктерін дамыту болып табылды.
Күтілетін нәтижелер қатарында — мемлекеттік қызметшілердің лидерлік құзыреттіліктерінің дамуы, креативті ойлау, баскаруда дизайн-ойлау құралдарын тиімді пайдалана білу, көпшіліктің алдында сөз сөйлеу дағдыларының қалыптасуы. Осыған байланысты семинар мазмұны құрастырылып, барлық тақырыптар интерактивті дәрістер мен пікірталастар, практикалық кейстерді талқылау түрінде өткізілді.
Айта кетсек, креативті ойлау бойынша практикалық жұмыс жүргізіліп, мемлекеттік қызметшілер проблемалық жағдайды талдау кезінде өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсете білді. Ынталандырушы көшбасшылық тақырыбы бойынша брейнсторминг, дебаттар ұйымдастырылып, кейстер талданып, сонымен қатар қатысушылардың көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары қалыптастырылды.
Семинарды Филиалдың оқытушылары – профессор Зәмзәгүл Шахаман және аға оқытушы Дариха Акмухамбетова, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің аға оқытушысы Айгүл Қасаболат және «Тілдарын» орталығының басшысы Жұлдызай Ербатырова жүргізді.
Қатысушылар семинар тақырыбына қатты қызығушылық білдіріп, дебат, пікірталасқа белсенді қатысып, практикалық жұмыста тәжірибелерімен бөлісті.