Филиал квазимемлекеттік сектор ұйымдарының қызметкерлерін 2021 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) жаңа баптарына, атап айтқанда жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау5а қатысты нормаларын оқытуды жалғастыруда.
Оқыту семинарының бағдарламасын ҚР Әділет министрлігімен бірлесіп әзірледі және әкімшілік әділет, әкімшілік органдар түсінігі, әкімшілік актіге шағым жасау, шағым беру тәртібі, шағымды қарау және шешу сияқты мәселелер мен ұғымдарды қарауды қамтиды.
Сонымен қатар, бағдарламада оқыту қорытындысы бойынша қатысушыларды тестілеу қарастырылған.
Сабақты ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында оқып сертификатталған тәлімгерлер жүргізеді.
Ағымдағы жылдың 9-10 қыркүйегінде өңірдегі колледж басшылары мен олардың қызметкерлері осы оқу курсынан өтті.