Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалы «Мемлекеттік органдағы филиал күні» жобасын жүзеге асыруды жалғастыруда. 2021 жылғы 31 тамызда ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Қостанай облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлерімен кездесу өткізілді.
Кездесудің спикерлері: Майра Бакенова – Филиалдың білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру кабинетінің меңгерушісі және Қайрат Сүйіндіков – Қостанай облысы аппараты әкімінің әдеп жөніндегі уәкілі.
Жұмыс тәжірибесінен Қайрат Сүйіндіков кездесуге қатысушыларды мемлекеттік қызметшінің әдебін бұзу мысалдарын келтіре отырып, «Өзгерістерді өзіңнен баста» бағдарламасымен таныстырып, оларды әдепті өзіндік санамен сақтауға бағыттады.
Майра Бакенова Академия мен оның Филиалдарының қызметі жайлы атап өтті, сондай-ақ Филиалдың біздің өңірдегі іске асырылып жатқан жобалары туралы айтты. Атап айтқанда, бүгінгі таңда «Президенттік жастар кадрлық резерві» жобасы белсенді жүзеге асырылуда, бұл мемлекеттік қызметшілердің өз мақсаттарына қол жеткізу және мансаптық дамуы үшін өзін кәсіпқой ретінде көрсетудің бірегей мүмкіндігі екенін атап өтті.
Кездесу спикерлері қатысушыларды қызықтырған барлық сауалдарға жауап берді.