Көктемнің соңғы күнінде @apa.kz- тің Қостанай облысы бойынша филиалы Қарасу ауданының мемлекеттік қызметшілерімен кездесті. Филиал директоры Ақерке Бекахметова Академияға оқуға түсу ережелері мен рәсімдерін түсіндіріп, өзінің өмірлік тәжірибесі мен мансаптық өсуіне негізделген мотивациялық сөз сөйледі.
Кездесуге қатысушылар Академияға оқуға түсу үшін ресейлік дипломдарды куәландыру қажеттілігі, сондай-ақ мемлекеттік тілді білу бойынша сынамалық тестілеулерден өту мүмкіндігі және магистрлік жұмыс тақырыбын таңдау мәселелеріне қатысты сұрақтар қойды.
Филиал доценті Татьяна Зуева «Time Management және қызмет тиімділігі» промо-тренингі барысында уақытты тиімді басқаруға кедергі келтіретін зиянды нанымдарды анықтайтын экспресс-тестілеу және топтық пікірталас өткізді. Екінші кезеңде техникалар жиынтығы белгіленді және мемлекеттік қызметшінің тиімді тайм-менеджменті бойынша ұсыныстар қаралды.
Қатысушылар материалдың практикалық маңыздылығын атап өтіп, спикерге тренинг үшін алғыс білдірді.