News

«Қазақстан Республикасында сайлау процесінің негіздері және сайлау өткізу барысында сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» семинары

 

 

Наурыздың соңғы күндері ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалында Қостанай облысының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған «Қазақстан Республикасында сайлау процесінің негіздері және сайлау өткізу барысында сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында біліктілік арттыру семинары өтті.

Қазақстандық сайлау құқығы өзгерістер енгізу арқылы тұрақты түрде жақсарып келеді, бұл семинардың өзектілігіне және мазмұнының кең ауқымды тапқырыптарды қамтуына әсер етті.

Семинар аясында мынадай мәселелер қарастырылды:

  • Қазақстан Республикасы сайлау комиссияларының жүйесі және олардың өкілеттіктері;
  • Ауылдық округ әкімдерінің сайлауын ұйымдастыру мен өткізудің ерекшеліктері;
  • Ауылдық округ әкімдерін сайлауды ұйымдастыру және дайындау іс-шаралары. Дауыс беру күні УСК мүшелерінің міндеттерін бөлу;
  • Дауыс беру тәртібі және сайлау бойынша дауыс беру қорытындыларын анықтау. Дауыс беру орнынан тыс жерде дауыс беру ерекшеліктері, сайлау учаскесіндегі дауыстарды санау, сайлау қорытындыларын анықтау және жариялау;
  • Сайлау туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілігі;
  • Сайлау науқанын ақпараттық қамтамасыз ету және жариялылығы;
  • Үгіт-насихат жұмыстары;
  • Сайлауды дайындау және өткізу кезінде сайлау комиссияларының сайлау процесіне қатысушылармен қарым-қатынасының ерекшеліктері;
  • Сайлау кезінде БАҚ-пен және бақылаушылармен жұмыс жасау.

 Семинар қорытындысы бойынша Қостанай облысының аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің сайлау процестерін ұйымдастыру мен жүргізудегі кәсібилігін арттыру, сондай-ақ

  • Жауапкершілік;
  • Бастамашылық;
  • Күйзеліске төзімділік;
  • Тиімді байланыстар;
  • Командада жұмыс істеу;
  • Тиісті заңнаманы, ережелер мен рәсімдерді білу секілді құзыреттердің артуы күтілуде.