Өткен жұмада Қостанай облысы бойынша филиалының директоры Ақерке Бекахметова Қостанай облысы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі базасында өткен Ведомствоаралық жұмыс тобының (бұдан әрі – ВАЖТ) көшпелі отырысына қатысты. Отырыс дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Асхат Искендировтың төрағалығымен өтті.
Іс-шараға 100-ден астам адам қатысты, олардың ішінде облыстың Полиция департаментінің, Мемлекеттік кірістер департаментінің, қалалар мен аудандар әкімдері аппараттарының, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау қызметтерінің, ауыл шаруашылығы, азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдерінің басшылығы, Ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелері, БАҚ өкілдері болды.
Отырыс басталмас бұрын Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Қайрат Дутпаев Қостанай қаласының көші-қон қызметінің жұмысымен таныстырды.
Сонымен қатар, азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы бөлімдерінде жүргізілген қоғамдық бақылау нәтижелері айтылды.
Отырыстың қорытындысы бойынша ВАЖТ мүшелері осы мәселелер бойынша және облыста мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту жайлы өз ұсыныстарын берді.