Новости

«Ең алдымен – адамдар: мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың практикалық құралдары» семинары

А. ж. 26-28 тамыз аралығында филиалымызда «Ең алдымен – адамдар: мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың практикалық құралдары» семинары өтті. Дәріскерлер ретінде:

🔻Гүлнара Шагирова — ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары,

🔻Ерлан Әбілдинов — академик З. Алдамжар атындағы ҚСТУ профессоры, халықаралық аграрлық білім академиясының корреспондент-мүшесі шақырылды.

Үш күн ішінде тыңдаушылар «ҚР – да мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі Тұжырымдамасы: «адам орталықтандырылған» модель құру -«адамдар бірінші кезекте»», «мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің реинжинирингі», «мемлекеттік қызметтер саласындағы онлайн-платформаның электрондық сервистері», «Мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау және бағалау», «мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі проактивті тәсіл» сияқты тақырыптарды зерделеді.