Жаңалықтар

2019 жылдың 19 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының бірінші вице-ректоры Еркін Дүсіпов жұмыс сапарымен Қостанай облысына келді.

Сапар барысында Еркін Шәжиұлы Академияның Қостанай филиалының ұжымымен, семинарлардың тыңдаушыларымен кездесті, оқу процесімен танысты, филиалдың техникалық жабдықталуын және даму болашағын мұқият зерттеді.

Филиалдың «Күміс жас» қарт адамдардың компьютерлік сауаттылығын оқыту бойынша әлеуметтік жобасы ұрпақтар байланысын нығайтуға және қарт адамдардың қазіргі қоғамда бейімделуіне ықпал ететін жоба ретінде Ернин Шәжиұлымен атап өтілді.

Сондай – ақ, негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсуге және оқуға талапкерлерді дайындау болып табылатын филиалдың «Pre-sessional course» пилоттық жобасы Академияның бірінші вице-ректорының ерекше қызығушылық тудырды.