Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалы 2020 жылға мемлекеттік және азаматтық қызметшілер үшін қайта даярлау курстары мен біліктілікті арттыру семинарларын өткізуге тартылатын жаттықтырушылар үшін іріктеу конкурсын жариялайды.

 

Өтінімдер қағаз және (немесе) электрондық нұсқада Қостанай қаласы, Байтұрсынов көш., 67, №202 кабинет немесе kos.info@apa.kz электронды мекенжайы бойынша 2020 жылдың 20 қаңтары сағат 18.30-ға дейін қабылданады.

 

Конкурс 2020 жылғы 21-23 қаңтарда өткізіледі.

 

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер келесі өлшемдерге сәйкес келулері тиіс:

— мемлекеттік қызмет саласында іс жүзіндегі тәжірибесінің болуы және/немесе тренингтерді өткізу тәжірибесі (бизнес және мемлекеттік сала бойынша) кемінде 2 жыл;

— жоғары білімнің , магистр және/немесе PhD дәрежесінің болуы;

— ұсыным хаттар (мүмкіндігінше).

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғаларға келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  1. Академия филиалы директорының атына еркін нысандағы өтініш;
  2. 1-қосымшаға сәйкес түйіндеме;
  3. 2-қосымшада ұсынылған семинарлар мен курстардың таңдалған тақырыптары бойынша презентациялар (презентация үлгісі қоса беріледі);
  4. Жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломның және ғылыми атағы туралы құжаттың көшірмесі және түпнұсқасы,
  5. Қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі және түпнұсқасы (бар болған жағдайда).

 

Конкурс өткізілетін күні үміткердің өзі таңдаған семинардың немесе қайта даярлау курсының пәні бойынша қысқаша тұсаукесерімен сөз сөйлеуі күтілуде.

 

Конкурс қорытындысы бойынша сабақтарды өткізуге тартылатын жаттықтырушылармен ақылы қызмет көрсету шарты жасалады