Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалы әкімшілік бөлімінің консультанты лауазымына жоғары білікті кандидатты іздейді.
Сіз Филиалдың әдебиетті пайдаланушыларға ақпараттық-библиографиялық және кітапханалық қызмет көрсетуді жүзеге асырасыз және қызмет көрсетудің есебін жүргізесіз.
Филиал қызметіне қатысты оқиғалар мен іс-шаралар туралы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде баспасөз хабарламаларын және басқа да ақпараттық материалдарды (мақалалар, баспасөз хабарламалары,сұхбаттар) уақтылы дайындайсыз.
Сізге іріктеуден сәтті өту үшін мыналар қажет:
- тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, жұртшылықпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс саласында қосымша дайындық;
- мамандығы бойынша және/немесе қоғаммен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс саласында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі;
- біліктілікті арттырудың және/немесе оқыту бағдарламаларына қатысудың қазақстандық және халықаралық сертификаттарының болуы;
- стратегиялық ойлау; өзгерістерді басқару және жақсарту; тиімді шешімдер қабылдау; ынтымақтастық және серіктестік; әлеуетті арттыру; ұйымшылдық және жауапкершілік; білім беру қызметінің тұтынушыларына бағдарлануы; білім беру саласындағы заңнаманы білу; кітапхана ісінің негіздерін білу;
- қазақ, орыс және мүмкіндігінше ағылшын тілдерін білгені жөн.
Егер Сіз өзіңізді осы лауазымға лайықты деп санасаңыз, өз үлесіңізді қосуға және бізбен бірге үздіксіз дамуға дайын болсаңыз, өз түйіндемеңізді 2020 жылдың 26 маусымына дейін kos.info@apa.kz электронды мекен-жйына жолдасаңыздар болады.