Жаңалықтар

24-26 мамыр аралығында филиалда ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету үшін мемлекеттік қызметшілердің кәсіби білімі мен практикалық дағдыларын арттыру мақсатында «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту: ветеринария саласында мемлекеттік қызметтер көрсету» тақырыбы бойынша кезекті біліктілікті арттыру семинары өтті.

Семинарға қатысушылар ветеринария және ауылшаруашылық бөлімдерінің мамандары.

Оқыту барысында ветеринария саласындағы мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері, халыққа қызмет көрсету стандарттары, азық-түлік шикізаты мен жануарлардан алынатын өнімдердің ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігі, ауыл шаруашылығы жануарларының жұқпалы ауруларының диагностикасы және алдын-алу, сонымен қатар осы саладағы бұзушылықтардың түрлері бойынша практикалық кейстер талданды.

Тренерлер ретінде облыстық ветеринария басқармасының маманы, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің тәжірибелі оқытушылары шақырылды.

Семинар соңында қатысушылармен бірге мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленді.

Тыңдаушылар біліктілікті арттыру бағдарламасының өзектілігін, қолданылуын, мазмұнын және семинарды ұйымдастырудың жоғары деңгейін атап өтті.