Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалының шақырылатын оқытушысы Қайрат Сүйіндіков Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ұйымдастырылуымен өткен “Үздік әдеп жөніндегі уәкіл” байқауында жергілікті мемлекеттік органдардың арасында “үздік әдеп жөніндегі уәкіл» номинациясында жеңімпаз атанды.

Қайрат Жанділдәұлы, Сізді лайықты жеңісіңізбен құттықтаймыз! Биік жетістіктерге жете беріңіз! Еңбегіңіз табысты болсын!