Облысымыздың 3 мемлекеттік қызметшісі ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының @apa.kz түлегі атанды.?
⠀
Өткен аптада Академияның магистранттары мен докторанттарына салтанатты түрде диплом табыстау рәсімі өтті.
⠀
Биыл үш жерлестеріміз
— Сюндиков Қайрат Жанділдаұлы — «Қостанай облысы әкімінің аппараты» ММ Әдеп жөніндегі уәкілі;
— Қалмақов Ерлан Болатұлы – «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» ММ басшысы;
— Исмагамбетов Санат Төлегенұлы — Рудный қаласы әкімі аппаратының заң бөлімінің басшысы
«магистр» дәрежесіне ие болды.
⠀
Жерлестерімізді және барлық Академия түлектерін оқуды сәтті аяқтауларымен құттықтаймын! Оларға жарқын кәсіби жетістіктер, мансапта сенімді бастама және өзін-өзі дамытуға үнемі ұмтылыс тілеймін