Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда күш-жігерді біріктіру үшін мемлекеттік органдардың азаматтық қоғам институттарымен сындарлы өзара іс-қимылын қалай ұйымдастыру керек?

Тәжірибеде қандай тетіктер жұмыс істейді және қаншалықты нәтижелі?

Бұл сұрақтар «Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұйымдастыру-құқықтық жолдары» диалог алаңына қатысушылармен талқыланды.

Қостанай облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Қайрат Сюндиков: «Уәкілетті орган тарапынан заңнамалық бастамалар енгізіліп, азаматтық сектормен өзара іс-қимылдың тиімді құралдары ұсынылды.

Сонымен қатар, қоғамдық бақылауға қатысу бойынша халықтың белсенділігінің төмендігі байқалады.

Жекелеген жағдайларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламалар мен жобалар туралы хабардар етпеу.

Жекелеген мемлекеттік мекемелер де осы саладағы өзара іс-қимылды ұйымдастыруға қағаз түрінде ғана сай келетінін мойындау қажет».

Оның ішінде тыңдаушылар ауылдық аудандарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы мәселелерге маманданған қоғамдық ұйымдар жоқ екенін айтты.

Диалог алаңына қатысушылар жергілікті атқарушы органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестердің тарапынан қоғамдық бақылаудың қажеттігін атап өтті.

Іс — шараға «Рухани жаңғыру» жобалық кеңселерінің басшылары Нұрбек Әбдібеков және «Қостанай-Адалдық алаңы» Анжела Әлжанова, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге арналған «Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұйымдастырушылық-құқықтық жолдары» атты біліктілікті арттыру семинарының тыңдаушылары қатысты