Бүгін Қостанай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу» тақырыбында брифинг өтті.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Салауат Мүксімов және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы Қостанай облысы бойынша филиалының директоры Ақерке Бекахметова спикерлер ретінде сөз сөйледі.
Брифинг барысында спикерлер президенттік кадрлық резервтің мақсаттары мен міндеттері туралы айтып, үміткерлерге еңбек өтілі, жасы, pkrezerv.kz сайтында тіркелу және іріктеуден өту үшін қажетті құжаттар, кезеңдерін, қатысу нысандары мен іріктеу мерзімдері бойынша қойылатын талаптарды егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.
Сонымен қатар, іріктеу процесінің ашықтығы және жас қазақстандықтардың әлеуетін іске асыру үшін осы жобаның мүмкіндіктеріне баса назар аударылды. Соңында сөйлеген сөздерінде қатысушының екеуі де Қостанай облысының жастарын белсенді қатысуға шақырып, Президенттік кадрлық резервке қабылдауының соңына дейін өтінімдерді қабылдау сайтында небәрі 20 күн қалғанын атап өтті.
⠀
P. s. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы мен оның өңірлік филиалдары іріктеудің барлық кезеңдерінен сәтті өткен үміткерлерді қысқа мерзімді білім беру бағдарламалары бойынша оқытуды жүргізетін болады.
Білім беру бағдарламалары стратегиялық көзқарас, жүйелік басқару, көшбасшылық және тиімді коммуникациялар құзыреттерінің әлеуетін арттыруға бағытталатын болады. Бұдан басқа, бағдарламалар таңдалған лауазымдар тобына сәйкес келетін салада тиімді шешімдер қабылдау үшін қажетті құзыреттерді дамытуға бағдарланатын болады.