Кеше Қостанай облысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің ұйымдастыруымен Лисаковск қаласында өткен “Әділетті Қазақстан – Адал азамат” Қостанай облысының Әдеп жөніндегі уәкілдері форумына қатысып, модератор ретінде филиал директоры Ақерке Бекахметова сөз сөйледі.
⠀
Форумға Қостанай облысының орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының аумақтық бөлімшелерінің Әдеп жөніндегі уәкілдерінен басқа ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Мейірман Ғубайдоллаев, Лисаков қаласының әкімі Абай Ыбыраев, Әділет министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Алма Сыдықова, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, мемлекеттік қызмет ардагерлері қатысты.
Форумның пленарлық бөлімінде сөз сөйлеген спикерлер мінсіз бедел, кәсібилік және патриотизм жаңа формациядағы мемлекеттік қызметшілердің негізгі ұстанымы екенін атап өтті.
⠀
Панельдік сессияларда мемлекеттік қызметке кір келтіретін этикалық бұзушылықтар мен теріс қылықтардың алдын алу, мемлекеттік қызметшілер арасында құндылықтарды қалыптастыру мәселелері талқыланды.
⠀
Форумға қатысушылар оған енгізілген өзгерістерді ескере отырып, әдеп кодексіне түсініктемелер қалыптастыруға ерекше назар аударды.
⠀
Форум қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі уәкілдер жұмысының тиімділігін арттыруға, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер арасында адалдықты, әділдікті, ашықтықты және клиентке бағдарлануды қалыптастыру мәселелері бойынша ұсынымдар енгізілді.
“Әділетті Қазақстан – Адал азамат” Қостанай облысының Әдеп жөніндегі уәкілдері форумы
