Жаңалықтар

Академия магистранттарының шетелде өткен тағлымдама туралы пікірлері

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясында бүгінде магистратура бағдарламасында жеті қостанайлық мемлекеттік қызметші білім алуда. Олардың үшеуі жуырда Литвада Миколас Ромерис университетінде тағылымдамадан өтіп келді.

Осы постта қостанайлық магистрант Сырым Нәси тағлымдамадан алған өз әсерімен бөліскелі отыр.

Екі апта бойы магистранттар университет қызметкерлерімен және Литва мемлекеттік органдарының өкілдерімен танысуға мүмкіндік алды, олар Литвадағы жастар арасындағы кедейлікті басқару және азайту саласындағы тәжірибелерімен бөлісті.

“Миколас Ромерис университетінің қызметкерлерімен және Литва мемлекеттік органдарының өкілдерімен кездесулер өте нәтижелі болды. Біз Литвада жастар арасындағы кедейлікті басқару және азайту үшін қолданылған әртүрлі стратегиялар мен әдістерді талқыладық. Қорытындылай келе, мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының басшылығына шетелдік тәжірибені зерделеуге мүмкіндік бергені үшін алғысымды білдіргім келеді. Бұл тағылымдама маған жастар арасындағы кедейлікті басқару және азайту саласындағы білімімді кеңейтуге мүмкіндік берді”- дейді Сырым Қажымұратұлы.

Сондай-ақ, магистранттар Литва тарапынан ұйымдастырушыларға шын жүректен алғыстарын білдіруде. Олардың қонақжайлылығы, кәсібилігі және ұйымдастырушылық күш-жігерінің арқасында тағылымдама сәтті өткендігіне ризашылықтарын білдіруде.

Құрметті оқырман, Сіз де қапы қалмаңыз, Академияға оқуға түсіп шетелде тағлымдамадан өту мүмкіндігін жіберіп алмаңыз! Құжаттар а.ж. 29 маусымына дейін қабылданатынын естеріңізге саламыз.