Жаңалықтар

«Басшылар үшін HR және мемлекеттік органның ұйымдастырушылық мәдениеті» семинарының тыңдаушыларына арналған ақпараттық кездесу

2023-2024 оқу жылына арналған ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға түсу ережесімен кеше «Басшылар үшін HR және мемлекеттік органның ұйымдастырушылық мәдениеті» семинарының тыңдаушылары танысты. 

 

Оларды биылғы ережедегі жаңалықтармен  @apa.kz — ның Қостанай облысы бойынша филиал директоры Ақерке Бекахметова таныстырды. Аталмыш семинарға негізінен әр түрлі өңірлерден мемлекеттік мекемелердің персоналды басқару қызметтерінің басшылары қатысқандықтан, берілген ақпаратқа қызығушылық жоғары болды.  

Кездесу барысында сонымен академияда оқудың артықшылықтары мен түлектер үшін ашылатын жаңа мүмкіндіктер танысты.рылды. 

 

Ақерке Дәуренбекқызы тыңдаушыларға өз тәжірибесімен бөлісіп, Академия мен «Болашақ» бағдарламасы бойынша және ПЖКР жобасы туралы егжей тегжейлі ақпарат берді. 

 

Тыңдаушылар ақпаратқа үлкен қызығушылық танытты және кездесу соңында спикерге жеке кеңес алу үшін жүгінді.