Басымдықтардың маңыздылығы, уақытты тиімді басқару құралдары, стресс және онымен күресу әдістері «Басымдықтарды басқару: тайм-менеджмент, стресс-менеджмент» семинары аясында тыңдаушылар қарастырған негізгі мәселелер. Семинар 5-7 қыркүйек аралығында @apa.kz. Қостанай филиалында өтті.
⠀
Семинар өзін-өзі тану практикумынан басталды және жұмыс уақытының 80% интерактивті форматта өткізілді. Семинар мемлекеттік қызметшілердің алған білімдерін қызметінде қолдану үшін жобалық идеяларды қорғаумен аяқталды.
⠀
Оқыту қорытындысы бойынша уақытты тиімді басқарудың практикалық дағдыларын, күйзелісті жағдайларды еңсеру тәсілдерін меңгеру мемлекеттік қызметшілер қызметінің өнімділігін арттыруға ықпал етеді деп күтілуде.