Жаңалықтар

Бейімбет Майлин ауданының әкімі Қайсар Мыржақыповтың қонақ дәрісі

Ағымдағы жылдың 13 наурызында филиалымызға біліктілікті арттыру семинарының қонақ дәріскері ретінде Бейімбет Майлин ауданының әкімі Қайсар Мыржақыпов келді.

Аудан басшысы өзінің мемлекеттік қызметтегі тәжірибесімен бөлісіп, өңірдің тұрақты дамуында экономикалық өсу, әлеуметтік бағдарламалар және экологиялық тепе-теңдікті сақтап қалу жайында сөз қозғады. Атап айтқанда басқарып отырған өңірдің бес жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму динамикасымен таныстырды. Сонымен қатар алдағы жылдарға
арналған су құбыры мен тарату желілерін салу, реконструкциялау, ауыл елді мекендерді газификациялау, медициналық қызметкерлерді жұмысқа тарту мақсатымен Новоильиновка ауылында фельдшерлік-акушерлік пунктін салу, аудан орталығында 18 пәтерлі тұрғын үй құрылысы басталғанын, өңірде жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша жүзеге асқан жобаларды атап өтті.


Қайсар Батырханұлына дәріс үшін алғысымызды білдіреміз!