Жаңалықтар

Деректерді визуализациялау және талдау» семинары

Деректерді визуализациялау және талдау» атты екі күндік семинардың тыңдаушылары визуалдау әдістерін және оларды мемлекеттік қызметте тәжірибеде қолдануды үйренді.

Семинар 19-20 қыркүйек аралығында Астана қаласынан шақыртылған жаттықтырушы Мүбарак Жандостың жетекшілігімен өтті.

Семинар барысында тыңдаушылар визуализация әдістерін, атап айтқанда, кестелер, графиктер, диаграммаларды іс жүзінде меңгеріп, оларды тиімді қолдану дағдыларын қалыптастырды.

Бұл семинар қатысушыларымызға деректерді визуализациялау құралдарын дұрыс қолдана білуге, оларды мемлекеттік қызмет тәжірибесіне шебер еңгізіп, өз құзыреттерінің шекарасын кеңейтуге мүмкіндік берді.