Аға буын және цифрландыру: олар бүгінгі күн шындығында өзара қалай әрекеттеседі?
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының 25 жылдығына орай Қостанай облысы бойынша Филиалы жүзеге асырған «Күміс жас цифрландыру жолында» әлеуметтік жобасы осы мәселені шешуге арналды.
Осы жылдың қыркүйек айында Қостанай қаласының 25 бенефициарлары Филиалда компьютерлік сауаттылық бойынша оқудан өтті, ал бүгін жоба аяқталғаннан кейін оларға құрметті қонақтар — мемлекеттік қызметтің ардагерлері К.У. Укин, Ю.А. Харьяков, Т.С. Жакупова, Р.Г.Гайсенова ұсынған сертификаттар табысталды.
Біз оқыту өте пайдалы болғанына қуаныштымыз. Жобаға қатысушылар сабақ барысында алған білімі мен дағдыларының арқасында қазір «заманмен қатар өмір сүріп» жатқандықтарын атап өтті. Мысалы, мессенджерлер арқылы дәрігерге жазылуға, коммуналдық қызметтерді төлеуге, e-gov арқылы анықтама алуға және қарым-қатынас аясын айтарлықтай кеңейтуге болады.
Кездесу бағдарламасында филиал ұжымының күшімен дайындалған шығармашылық қойылымдар болды. Жылы атмосферадағы өзара қарым-қатынас мерекелік дастарханда жалғасын тапты. Қатысушылардың кейбірі ән шырқаса, енді біреулері биледі.
«Күміс жас» өкілдерінің таусылмайтын қуаты, оптимизмі, білім алуға және заманауи трендтерге сай болуға деген ұмтылыстары іс-шараның ұйымдастырушыларын шабыттандырды.