Бүгін біздің Филиалымызда «Инновациялық ойлау-эмоционалдық интеллект» тақырыбында мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруға арналған үш күндік семинар өтті.
⠀
Семинар барысында спикерлер профессор Зәмзәгүл Шахаман мен доцент Татьяна Зуева, келесі тақырыптарды қарастырып, талқылады:
эмоционалдық интеллект,
басқару саласындағы инновациялар — жобалық менеджмент,
дизайн-ойлау,
коучинг,
форсайт технологиясы,
медиация және цифрландыру.
⠀
Тыңдаушылар Bani-әлемнің өзгерген жағдайында эмпатия, сервистік, икемділік және сындарлы ойлау сияқты қасиеттер бүгінгі күні ерекше сұранысқа ие, ал көшбасшылық әлеуметтік құзыреттілік негізінде шабыттандырушы болуы керек деген қорытындыға келді.
⠀
Сабақ барысында семинар қатысушыларына біліктілікті арттыру семинарының тақырыптары бойынша тесттер мен топтық кейстер ұсынылды.