Жаңалықтар

Конституция күніне арналған Development day

2022 жылғы 19 тамызда ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызметке алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстарының тыңдаушылары үшін Конституция күніне арналған Development day болып өтті. Құттықтау сөзімен Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары

Абылайхан Кәкенов және Қостанай облысы бойынша Әдеп жөніндегі уәкілі Қайрат Сүйіндіков сөз сөйледі.
Абылайхан Мүбаракұлы біздің негізгі Заңымыздың өзгеруі, оларды туындатқан себептер және жақында өткен референдумда қабылданған түзетулерден күтілетін оң салдарлардың мәселелерін атап өтті. Мемлекеттік қызметтің алдында тұрған жаңа сын-тегеуріндерді де назардан тыс қалдырмады. Атап айтқанда, сыртқы бағалау арандатушылық сипатқа ие болуы мүмкін тілдік мәселесі көтерілді. Курс қатысушылары мұқият тыңдап, сауалдарын қойды. Азаматтардың конституциялық құқықтары туралы сөз болғанда халықпен өз жұмысында неге ерекше назар аудару керектігі де аталды.

Қайрат Жәнділдәұлы аудандағы, ауылдағы ұзақ жұмыс тәжірибесіне сүйене отырып, жас мемлекеттік қызметшілерге тәжірибелік кеңестері мен сұрақтарға толық жауап берді, сондай-ақ осы жылы өзіне @apa.kz магистратурасына оқуға түсуі сәттілікпен аяқталғанын айтып, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.

Тартымды сұхбаттан кейін топ 5 командаға бөлініп, профессор Зәмзәгүл Шахаман мен Филиалдың білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру кабинетінің меңгерушісі Майра Бакенова дайындаған «Біздің өміріміздің басты заңы» атты зияткерлік ойынында жарысты. Қайта даярлау курстарының қатысушылары ҚР Конституциясының мәтінін және оның қалыптасу тарихын жақсы білетіндіктерін көрсетті.