Оқудағы депутаттар
⠀
Өткен жұмада жергілікті деңгейдегі депутаттардың біліктілігін арттыру бойынша «Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін күшейтудің заманауи тәсілдері» атты семинарлардың алғашқы легі аяқталды.
⠀
Семинарлар бағдарламасы мәслихаттардың қызметін ұйымдастырудан және депутаттың имиджі мен парасаттылығынан бастап тиімді коммуникациялар мен шешімдер қабылдау мәселелеріне дейінгі практикалық мәселелердің кең ауқымын қамтиды.
⠀
Қостанай облысындағы депутаттық корпустың гендерлік құрамы салыстырмалы түрде біркелкі: ерлер 52,8% және әйелдер 47,2%, бұл шешім қабылдау үдерісінде және оқыту үдерісінде белгілі бір рөл атқарады.
⠀
Тыңдаушылар семинар сабақтары мен ұйымдастыру сапасын жоғары бағалады (тиісінше 100% және 97,2%).
⠀
Естеріңізге сала кетейік, семинарлар ағымдағы жылдың желтоқсан айына дейін бірнеше лекте өтеді.
⠀