Жаңалықтар

«Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін күшейтудің заманауи тәсілдері» семинары

3-7 қазан аралығында Филиалымызда жергілікті деңгейдегі депутаттардың біліктілігін арттыру бағдарламасы аясында 2-ші ағымға арналған семинар өтті.

Семинарда қоғамдық бірлестіктердің, мемлекеттік мекемелердің басшылары, университет оқытушылары жаттықтырушы ретінде сөз сөйледі.

Оқу барысында депутаттар пікірталастарға қатысып, практикалық кейстерді талдап, пікір алмасты, қорытынды кезеңде шешім қабылдау жағдайын модельдеді.

Оқу процесінің соңында тыңдаушылар сапалы ұсынылған материал үшін алғыс білдіріп, өткен семинар олардың өкілдік функцияларды орындауына әсер ететінді сенім білдірді.