Жаңалықтар

Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін күшейтудің заманауи тәсілдері» семинары

А.ж. 5-9 желтоқсан аралығында Филиалымызда жергілікті деңгейдегі депутаттардың біліктілігін арттыру бағдарламасы аясында 6-шы ағымға арналған семинар өтті.

Семинар бағдарламасы мәслихаттардың қызметін ұйымдастырудан және депутаттың имиджі мен парасаттылығынан бастап, тиімді коммуникациялар мен шешімдер қабылдау мәселелеріне дейінгі практикалық мәселелердің кең ауқымын қамтыды.

Бес күн бойы облыс депутаттары өздерінің білімдері мен құзыреттіліктерін жетілдіріп, тиімді депутаттық қызметті жүзеге асырудың практикалық құралдарымен танысты. Семинар барысында тыңдаушылар әріптестерімен тәжірибе алмасып, жұмыста кездесетін кейстерді талдады.

Оқу процесінің соңында тыңдаушылар сапалы ұсынылған материал үшін алғыс білдіріп, алған білімдері олардың өкілдік функцияларды орындауына оң әсер ететіндігіне сенім білдіріп, ұйымдастыру мен оқыту сапасы жағынан жоғары бағалады.