Бүгін ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалында «Мансап және отбасы: тепе-теңдікті қалай сақтау керек?» біліктілікті арттыру семинары аясында Development Day өтті. Тақырыбы — «Л. Н. Толстой атындағы Облыстық әмбебап ғылыми кітапхана: мемлекеттік қызметшілер үшін ресурстық мүмкіндіктер».
⠀
Тыңдаушылар үшін кітапхана қызметкерлері қашықтықтан қызмет көрсету форматтарына назар аудара отырып, кітапхана ресурстарының тұсаукесерімен экскурсия өткізді. Сонымен қатар семинардың негізгі идеясына байланысты тақырыптық кітап көрмесі ұсынылды.
⠀
Облыс өңірлерінен келген мемлекеттік қызметшілер үшін шара маңызды оқиға болды, өйткені олардың көпшілігі кітапханаға алғаш рет келді. Олар өздері үшін үлкен пайдасын атап өтті және осы ресурсты өзін-өзі жетілдіру үшін пайдалануға ниет білдірді.