Жаңалықтар

«Мемлекеттік органдардағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері. ҚСҚЕХС» семинары

Бүгін филиалымызда қаржы жүйесінің мамандары үшін ұйымдастырылған «Мемлекеттік органдардағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері. ҚСҚЕХС» семинары өз мәресіне жетті.

Семинардың мақсаты — есептеу әдісі бойынша қоғамдық сектордың қаржылық есептілігінің халықаралық стандарттарға (бұдан әрі-ҚСХҚЕС) сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есепті жасау туралы толық ақпаратпен қамтамасыз ету болды.

Жаттықтырушы ретінде мемлекеттік органдар мен коммерциялық құрылымдарда үлкен тәжірибесі бар сертификатталған кәсіби бухгалтер Нүрия Әшірова шақырылды.

Оқыту шеңберінде мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізудің нормативтік құқықтық актілері, есеп саясаты, бухгалтерлік есеп жүргізудің қағидалары мен қағидаттары түсіндірілді.

Семинарға қатысушылар жаттықтырушымен бірге кейстерді талдап, мәселелердің шешу жолдарын іздеді, құжаттардың толық пакетін толтырды.

Семинар материалдарының мазмұнды және пайдалы болуы қатысушылар тарапынан көптеген сұрақтарға жауап алуға тамаша мүмкіндік болды және олардың ерекше қызығушылықтарын оятты.