Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсының тыңдаушылары мен Филиал ұжымы үшін Development Day шарасы өтті.
⠀
Қатысушылар Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барды, онда кәсіби гидтер өлкенің ежелгі тарихы мен сол заманның мәдени-тарихи мұрасына айналған дәстүрлерімен қатысушыларды таныстырды. Мұражайдың қызметкерлері музей мұрағаттарының бай қорымен таныстыра отырып, музейдің 10 залы бойынша шолу экскурсиясын өткізді (!!! Мұражайдың қор жиынтығы 131 мың, бұл өңірлік музей экспонаттарының жалпы санының жартысын құрайды).
⠀
Ең әсерлі болған тақырыптық экспозициялар: «Өлкенің ежелгі тарихы», «Туған жердің табиғаты», «Қостанай облысы: үміт пен жасампаздық» және «Қостанай облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында» және тағы басқалар.
⠀
Біздің тыңдаушыларымыз облыстың әртүрлі аймақтарынан келгенін және олардың көпшілігі мектеп жылдарында облыстық тарихи-өлкетану мұражайында болғанын немесе мұражайға бірінші рет келгенін де ескерсек, экскурсия танымдық және қызықты болды деп айтуға болады.