Академияның Қостанай облысы бойынша филиалында Мемлекеттік қызметтің стратегиялық HR орталығы ашылып, алғашқы отырысы өтті.
⠀
Отырысқа Қостанай облысының аудан, қала әкімдері аппараттарының, мемлекеттік органдарының персоналды басқару қызметтерінің басшылары, талқылау комиссияларының төрағалары, конкурстық комиссиялардың төрағалары, @apa.kz түлектер қауымдастығының мүшелері, филиал жанындағы эксперттік кеңес мүшелері, филиалдың профессорлық-оқытушылық құрамы, ПЖКР резервшілері, мемлекеттік қызмет ардагерлері қатысты.
⠀
Жиынды филиал директоры Ақерке Бекахметова құттықтау сөзбен ашып, орталықтың қызметімен таныстырды және орталықтың өңірдегі кадрлық әлеуетті дамытуға, әрі нығайтуға мақсатталған мәселелерді талқылайтын ашық диалог алаңы болатынын айтты.
⠀
«Мемлекеттік қызметтегі стратегиялық кадрлық жұмыс» тақырыбына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлан Салықбаев сөз сөйледі.
⠀
Қостанай облысы әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің басшысы Мэлс Әбдірахманов Қостанай облысы мемлекеттік аппаратының кадрлық әлеуетіне тоқталды.
⠀
Қостанай облысы Алтынсарин ауданының әкімі, ПЖКР резервшісі, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша түлектері қауымдастығының мүшесі Арнұр Сартов жеке тәжірибесінің негізінде мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуы мен жоғарылату мүмкіндіктері және перспективаларымен бөлісті.
⠀
Жиын соңында қатысушылар күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасты.
⠀
Келесі отырыс 2023 жылдың үшінші тоқсанында өтеді, күн тәртібіндегі мәселелер мемлекеттік органдардың қажеттіліктерін ескере отырып құрылады.
Мемлекеттік қызметтің стратегиялық HR орталығының алғашқы отырысы
