Жаңалықтар

«Мемлекеттік тіл саясаты: жазу және сөйлеу дағдылары» семинары

Бүгін филиалымызда екі күнге жоспарланған «Мемлекеттік тіл саясаты: жазу және сөйлеу дағдылары» семинары аяқталды.

Семинардың мақсаты – мемлекеттік тілдегі ресми құжаттарды дайындау бойынша тыңдаушылардың оқу және жазу дағдыларын арттыру.

Семинарды «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы басшының орынбасары Гүлнар Талапова өткізді.

Семинар барысын тренер мемлекеттік тіл саясатын жүргізудің нормативтік-құқықтық актілерін тыңдаушылармен бірге талқылаудан бастады. Одан әрі топпен жұмыс ресми мәтін құрастыру, ресми жазылым дағдыларын игеруге бағытталып, сөйлеу әрекетінің түрлері, яғни тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым бойынша интерактивті тәсілдерді қолдана отырып жүргізілді.

Оқытудың нәтижесі мемлекеттік қызметшілердің көңілінен шығып, мемлекеттік тілдегі ресми хаттар мен құжаттарды дайындау бойынша қатысушылардың кәсіби құзыреттері мен тәжірибелік дағдыларын арттыруға мүмкіндік берді.