Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Қостанай облысы бойынша филиалы профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:
Бос лауазымдар
Профессор (1 бірлік)
Аға оқытушы (1 бірлік)
Филиалдардың байланыс мәліметтері
Қостанай қаласы, Байтұрсынов көш., 67.
Тел: 8 (714) 2 544260,
87054600888
Эл.мекенжай: kos.info@apa.kz
Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстарының (пәндерінің) бағыттары
- Көшбасшылық және эмоциялық интеллект;
- Шешендік өнер;
- HR менеджмент;
- Басқару экономикасы;
- Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды басқару.Стратегиялық ойлау;
- Келіссөздер жүргізу және конфликт менеджмент;
- Қызметті басқару және шешімдер қабылдау;
- Коммуникативті менеджмент;
- Коучинг пен тәлімгерлік;
- Стратегиялық және бағдарламалық құжаттар;
- Стратегиялық жоспарлау;
- Тиімді коммуникация дағдылары;
- Коучинг;
- Жұртшылық алдында жария сөз сөйлеу.
Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру тақырыптары
- Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау;
- Кәсіби коммуникацияның стратегиясы: келіссөздер және қақтығыстарды шешу;
- Жеке тиімділік стратегиясы: іскерлік келіссөздер және эмоциялық интеллект;
- Цифрлық мемлекеттік басқару дағдылары;
- Сторителлинг;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама;
- БАҚ-пен тиімді өзара іс-қимыл;
- Латын графикасы негізіндегі ресми жазылым;
- Стратегиялық бағдарламалық құжаттарды басқару;
- Жергілікті атқарушы органдардағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері;
- Латын графикасы негізіндегі ресми жазылым.
Біліктілік талаптары:
Профессор — PhD немесе бейіні бойынша докторы дәрежесінің (мүмкіндігінше шетелдік ЖОО-ның) не ғылыми дәрежесінің болуы; ғылыми атағының болуы (мүмкіндігінше), ғылыми-педагогикалық қызметте және/немесе мемлекеттік қызметте және/немесе филиалдың қызметі бойынша еңбек өтілі кемінде 8 жыл;
Доцент — PhD немесе бейіні бойынша докторы дәрежесінің (мүмкіндігінше шетелдік ЖОО-ның) не ғылыми дәрежесінің болуы; ғылыми атағының болуы (мүмкіндігінше), ғылыми-педагогикалық қызметте және/немесе мемлекеттік қызметте және/немесе филиалдың қызметі бойынша еңбек өтілі кемінде 5 жыл;
Аға оқытушы — PhD немесе бейіні бойынша докторы дәрежесінің (мүмкіндігінше шетелдік ЖОО-ның) не ғылыми дәрежесінің болуы; не магистр дәрежесінің болуы, ғылыми-педагогикалық қызметте және/немесе мемлекеттік қызметте және/немесе филиалдың қызметі бойынша еңбек өтілі кемінде 3 жыл;
Оқытушы — жоғары білім, магистр дәрежесінің болуы; PhD немесе бейіні бойынша докторы дәрежесінің (мүмкіндігінше шетелдік ЖОО-ның) не ғылыми дәрежесінің болуы (мүмкіндігінше), ғылыми атағының болуы (мүмкіндігінше), ғылыми-педагогикалық қызметте және/немесе мемлекеттік қызметте және/немесе филиалдың қызметі бойынша еңбек өтілі кемінде 3 жыл.
Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалар Академияның филиалы директорының атына өтініш (еркін үлгіде) береді.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) персоналды есепке алу парағы немесе түйіндеме;
2) жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;
3) профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасу үшін білім беру бағдарламасы бойынша жоба презентациясы (электрондық нұсқада, көлемі 4 слайдтан көп емес);
Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне (ғылыми жарияланымдарының тізімі, алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) қатысты қосымша ақпаратты, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын қосымша құжаттарды ұсынуға құқылы.
Презентация үшін мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарларының кемінде 2 тақырыбын және қайта даярлау курстарының кемінде 2 пәнін дайындау қажет.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну өтінішті қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалар Академия филиалы директорының атына өтініш береді.
Конкурсқа құжаттарды тапсыру мерзімі – хабарландыруды жариялаған күннен бастап 18 күнтізбелік күннен кеш емес, сағат 09.00-ден 18.30-ге дейін 2020 жылдың 02 маусымынан бастап 2020 жылдың 19 маусымына дейін.
Құжаттарды қабылдау қолма-қол немесе пошта арқылы немесе электрондық пошта бойынша жүргізіледі.
Конкурстың өтетін жері: филиалдың ғимаратында немесе видео-конференс-байланыс арқылы.