Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалы 2021 жылда мемлекеттік және азаматтық қызметшілерге арналған қайта даярлау курстары мен біліктілікті арттыру семинарлары шеңберінде (оффлайн, онлайн және қашықтықтан білім беру технологиялары арқылы) сабақтар өткізуге тартылатын жаттықтырушыларды іріктеу мақсатында конкурс жариялайды.
Білікті жаттықтырушылар және құндылықтарымызбен бөлісетін прогрессивті ойлайтын сарапшылар Академия табысының жоғары кепілі екендігіне сеніміміз мол. Сіздерді біздің үлкен командамыздың бір бөлігі болуға және кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға өз үлесіңізді қосуға шақырамыз.
Біліктілік талаптары:
- мемлекеттік қызмет саласында практикалық тәжірибесінің және/немесе бизнес және мемлекеттік секторда тренингтер өткізу тәжірибесінің кемінде 3 жыл болуы;
- жоғары білімінің (магистр немесе PhD дәрежесінің) болуы;
- ұсыныс хаттар (мүмкіндігінше);
- оқытудың интерактивті әдістерін білуі.
Конкурстық іріктеуге қатысуға үшін Сізге келесі құжаттарды kos.info@apa.kz электрондық поштасы арқылы электрондық форматта 2021 жылғы 20 қаңтарға (қоса алғанда) дейін жолдау қажет:
- Академия филиалы директорының атына еркін нысандағы өтініш (үлгі бойынша);
- Жоғары білімі туралы дипломның және ғылыми атағы туралы құжаттың көшірмесі және түпнұсқасы;
- Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі және түпнұсқасы (бар болса);
- Жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжаттардың көшірмесі және түпнұсқасы;
- Жеке куәлік көшірмесі;
- Түйіндеме (үлгі бойынша);
- Таңдалған тақырыптар көрсетілгенкандидаттың курстарға арналған сауалнамасы (үлгі бойынша);
- Таңдалған тақырыптар көрсетілген кандидаттың семинарларға арналған сауалнамасы (үлгі бойынша);
- Таңдалған тақырып бойынша презентация (шаблон бойынша).
Конкурс 2021 жылдың 21-ші, 22-ші және 25-ші қаңтар күндері өткізіледі.
Байқау өтетін күні үміткердің өзі таңдаған семинар немесе қайта даярлау курсының пәні бойынша қысқаша презентациясымен сөз сөйлеуі күтілуде. Бір тақырыпты ашу үшін 10 минуттан аспайтын уақыт бөлінеді.
Анықтама үшін 8 (7142) 57 51 24 телефоны бойынша Академия филиалының қабылдау бөлмесіне, +7 776 522 92 72 телефоны бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету кабинетінің аға әдіскері Бакатова Дина Алматқызымен байланысуларыңызға болады.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстары пәндерінің тақырыптары»: «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстары пәндерінің тақырыптары»:
Біліктілікті арттыруға жататын мемлекеттік қызметшілер үшін семинарлардың тақырыптары: