Қайта даярлау курстарының тыңдаушылары үшін өткен жұмада, ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап еліміздің барлық өңірлерінде, Республикалық маңызы бар қалаларда және Астанада басталатын, Өңірлік резервке іріктеу қағидаларын түсіндірумен кездесу өткізілді.
⠀
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің бас маманы Гүлбану Қабылова Мемлекеттік қызметке алғаш рет келгендерді іріктеу ережелерімен таныстырып, барлық сұрақтарға жауап берді.
⠀
Жобаның негізгі мақсаты-жас басқарушылардың өңірлік пулдарын қалыптастыру және өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту.
⠀
Өңірлік резервке алынған адамдар сайланатын лауазымдарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдарда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналаса алады.
⠀
Іріктеуге қатысушыларға қойылатын талаптар — Қазақстан Республикасының 35 жастан аспаған азаматы болу, жоғары білімі және кемінде 3 жыл еңбек өтілі болуы.
Өңірлік кадр резервіне іріктеу бойынша түсіндіру жұмыстары.
