Құрметті оқырман!
⠀
Егер Сіз белгілі бір саланың маманы, эксперті болсаңыз, мына ақпарат сіз үшін пайдалы болуы мүмкін.
⠀
ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалы 2023 жылы тындаушыларымызға дәріс беретін шақырылатын оқытушылар тізімін кеңейту мақсатында эксперттерге іздеу жариялайды!
⠀
Егер Сіз белгілі бір саланың маманы болсаңыз және өз мамандығыңыз бойынша кем дегенде магистр дәрежесіне ие болсаңыз, немесе арнайы сертификатталған болсаңыз, сарапшылар құрамына кіріп, болашақта бізбен ынтымақтастықта жұмыс істегіңіз келсе, direct-ке жазыңыз, кейін біз жіберген сілтемеден өтіп, сауалнаманы толтыруыңыз қажет болады.
⠀
Естеріңізге сала кетейік, Филиал мемлекеттік қызметшілерді ғана емес, сұраныс бойынша кез-келген тақырыпта өз құзыреттерін арттырғысы келетін кез келген мамандарды оқытады.
⠀
Біз Сізді Академия филиалының кәсіпқойлар тобында күтеміз!