Жаңалықтар

Қайта даярлау курстары тыңдаушыларының жобаларын қорғауы

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстары жобаларды қорғаумен аяқталды.  

       Филиал оқытушыларының жетекшілігімен үш апта аралығында тыңдаушылар келесі: 

— «Лисаков қаласындағы Автокинотеатр»;  

-«E-recept» электрондық рецепт функциясын «DamuMed» қосымшасына енгізу;  

-«Жас жүрек» — Арқалық қаласында 55 жастан асқан аға буын үшін бос уақытты өткізу бағдарламасы»; 

— «Жітіқара қаласындағы демалыс аймағы”;   

-«SmartDrive» Интеллектуалды көлік жүйесі; 

-«IТ индустриясындағы дарынды балаларды анықтау және қолдау» тақырыптары бойынша жобаларды әзірлеп қорғауға сәтті ұсынды.