Жаңалықтар

Қайта даярлау курстары тыңдаушыларының жобаларын қорғауы

2024 жылдың 01 наурызында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау үш апталық курсының алғашқы тобы оқуын аяқтады. Курс аясында тыңдаушылар келесі модульдермен танысты:
-тұлғалық дағдыларды дамыту «Мен» тұжырымдамасы немесе «Өзіңнен баста» (тұлғалық тиімділікті арттыру үшін жеке білімді, қабілеттерді және
дағдыларды дамыту (soft skills));
-кәсіби дағдыларды дамыту «Мен және менің кәсіби тиімділігім»
(кәсіби қызметтің тиімділігін арттыру үшін дағдыларды, қабілеттерді және
білімді дамыту (hard skills));
-ұйымдастырушылық әлеуетті арттыру «Мен және команда» команданы тиімді басқару және ұйымдастырушылық әлеуетті арттыру үшін дағдыларды,
қабілеттерді және білімді дамыту.

Биылғы жылдан бастап нәтижелі бақылау нысандары өзгертіліп, тыңдаушылар өзгерістерді басқару тақырыбы аясында жобаны презентациялап, аналитикалық жазба тапсырды.

Жобаны қорғау комиссиясы тыңдаушылар дайындаған жобалардың өзектілігі мен практикада қолдануын жоғары бағалады.