Қайта даярлау курстарының тыңдаушылары үшін бірқатар мотивациялық кездесулерді жалғастыра отырып, бүгін мемлекеттік қызметке алғаш келгендермен кезекті кездесу өтті.
⠀
Жас мамандар алғаш рет оқуға келгендіктен, олардың өзін-өзі дамытуға деген қызығушылығын ояту және мемлекеттік қызметте жұмыс істеудің артықшылықтарын көрсету өте маңызды болды. Кездесу барысында қатысушыларға мемлекеттік қызметте өсу және даму мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.
⠀
Көпшілікті ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында оқу мүмкіндігі ерекше қызықтырды. Тыңдаушылар іріктеу кезеңдері мен қабылдау шарттары және оқу аяқталғаннан кейін ашылатын мүмкіндіктері туралы көптеген сұрақтар қойды.
⠀
Кездесу соңында тыңдаушылар өз инсайттарымен бөлісіп, академияға оқуға түсуге қызығушылықтары оянғандығын айтып, бұдан былай оқуға түсу үшін дайындықты бастап кететіндіктері туралы айтып қуантты.
Қайта даярлау курстарының тыңдаушылары үшін мотивациялық кездесу
