Жаңалықтар

Қайта даярлау курсының 02-03 топ тыңдаушылармен мотивациялық кездесу

А.ж. 29 ақпанында мемлекеттiк әкiмшiлiк басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттiк қызметшілерге арналған қайта даярлау курстары тыңдаушылары үшін мотивациялық кездесу өткіздім. 

Кездесу барысында қатысушыларға мемлекеттік қызметте өсу және даму мүмкіндіктері туралы ақпарат бердім.

Көпшілікті ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында оқу мүмкіндігі ерекше қызықтырды. Тыңдаушылар іріктеу кезеңдері мен қабылдау шарттары және оқу аяқталғаннан кейін ашылатын мүмкіндіктері туралы көптеген сұрақтар қойды.

Кездесу соңында тыңдаушылар өз инсайттарымен бөлісіп, академияға оқуға түсуге қызығушылықтары оянғандығын айтып, бұдан былай оқуға түсу үшін дайындықты бастап кететіндіктері туралы айтып қуантты.